Мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Құқық бұзушының ішімдік ішкен күйде болғандығы медициналық куәләндырудың қорытындысымен расталған. Сондай-ақ, құқық бұзушы сот отырысында өз кінәсін мойындаған.
Сот қаулысымен С. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі