Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кредитті 1 жыл төлемесе не болады? Заңгер жауабы

Кредитті 1 жыл төлемесе не болады? Заңгер жауабы

Кредитті 1 жыл төлемесе не болады? Бұл сұраққа заңгер Мәулен Спанқұлов өзінің инстаграм парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңгер Мәулен Спанқұлов кредитті 1 жыл бойы төлемесеңіз не болатынын айтып берді.

"Біріншіден, коллекторлар күнде телефон соғып, мазаңызды алады. Екіншіден, шоттарыңыздың барлығына арест қойылады. Үшіншіден, Қазақстан Республикасынан шыға алмайсыз. Төртіншіден, жеке куәлігіңіз бен жүргізуші куәлігіңіз арестке түседі", - деді заңгер.

Маман кредиттен құтылудың жолын айтты.

"Алайда кредиттен құтылуға жол ашылады. Ол банкроттық. Банкроттықтың талабы бойынша, егер сіз 1 жыл мерзімін өткізіп алатын болсаңыз немесе сізден 1 жыл бойы сот орындаушылары ақша ұстамаса, сіз банкроттыққа тапсыра аласыз", - деп кеңес берді ол.

Еске салайық, бұған дейін министр жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң бойынша, қарыз кешірудің басты талаптары қандай екенін айтып өткен болатын.
18 қыркүйек 2023 ж. 246 0