Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі ауысымда жұмыс істеудің денсаулыққа әсері қандай?

Түнгі ауысымда жұмыс істеудің денсаулыққа әсері қандай?

Адам ағзасы үшін күн және ұйқы режимі өте маңызды. Көбінесе адамдар режимді сериал көрі үшін, әлеуметтік желіде достарымен сөйлесіп немесе жұмысқа байланысты бұзады. Ұйқы режимі кейде ғана бұзылса, ол аса қатты қорқынышты емес, ал күн мен түн режимі үнемі ауысып отырса адам денсаулығына тигізер бірқатар зияны бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнгі жұмыс ағзаға қалай әсер етеді?

Жұмыста жарақаттану қаупі артады. Түнде адамның ұтқырлығы, ептілігі және іс-әрекетті ойлау қабілеті төмендеп, ұсақ моторикасы нашарлайды. Мұндай жағдайда жарақат алу қаупі күрт артады, әсіресе бұл құрылыс, лаборатория секілді толық назарды қажет ететін мамандықтарда болады.

Метаболизм өзгереді. Метаболизмге негізінен гормондар әсер етеді, ал гормонның өндірісін күнделікті қарқын реттейді, түнгі ұйқыны өткізу бұл ретті бұзады. Мысалы, қанықтылықты білдіретін лептин гормоны салмақты, қандағы қантты және инсулинді реттеуде шешуші рөл атқарады. Лептинге сезімталдық төмендесе, адам жиі әрі көп тамақтана бастайды.

Семіздік пен қант диабеті қаупі артады. Алдыңғы тармақтың жалғасында күндізгі ұйқы мен түнгі жұмыс семіздік пен қант диабеті қаупін арттырады. Түнде тамақтану глюкоза деңгейін жоғарылатып, қант диабетінің даму мүмкіндігін арттырады. Бұл әсердің алдын тек күндіз тамақтануды шектеу арқылы ала аласыз. 

2021 жылы жүргізілген зерттеуде түнде тамақтанған адамдардың орташа глюкоза деңгейі 6,4 пайызғаға өскен. Ал күндіз тамақтанған адамдарда глюкоза деңгейі айтарлықтай өспеген.

Мелатонин өндірісін тежеледі. Таңертең жарық көздің торлы қабығына түскенде, дене шамамен 16 сағаттық белсенділік кезеңіне бағдарламаға дайындалады. Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адам жасанды жарықтан ешнәрсе алмайды, сондықтан мелатониннің өндірісі мен бөлінуі тежеледі.

Мелатонин ұйқы циклі мен көңілді жүруді басқаруға жауап береді. Егер мелатонин өндірісі төмендесе, адам терең ұйқы кезеңіне өтуі қиындап, ұйқыңыз қанбауына әкеледі. Уақыт өте дененің өзін қалпына келу қабілеті күрт төмендейді.

Инфаркт қаупі артады. Ғалымдардың мәліметінше, түнгі ауысымда жұмыс істеу инфаркт қаупін арттырады. Оған қоса, ғалымдар ұйқы әдетінің өзгеруі қан қысымы мен айналымына әсер ететінін айтты.

Депрессия қаупі артады. Түнгі ауысымда жұмыс істеу психикалық денсаулыққа да кері әсер етеді. Көптеген зерттеу нәтижесінде түнде жұмыс істегенде депрессия мен көңіл-күйдің бұзылу қаупі артады деп көрсетілген.
22 қыркүйек 2023 ж. 256 0