Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 30 күн бойы тәтті жемесеңіз не болады?

30 күн бойы тәтті жемесеңіз не болады?

Құрамында қанты көп тәтті тағамдар көпшілік адамның күнделікті рационында жиі кездеседі. Тәттіге деген құмарлық денсаулыққа кері әсерін тигізеді. 30 күнге тәттіден бас тартсаңыз, ағзаңыздан қандай өзгеріс байқауыңыз мүмкін?

Қандағы қант деңгейі тұрақтанады.Көп мөлшерде қант қолдану қандағы қант дейңгейінің бірден өзгеруін тудырады. Ал ол қант диабетінің дамуына ықпал етуі және энергетикалық өзгеріспен қамтамасыз етуі мүмкін. Тәттіден бас тарту қандағы глюкоза деңгейін тұрақтандыруға көмектеседі.

Ауыз қуысы жағдайы жақсарады.Тәтті өнімдер тісжегі және басқа да ауыз қуысы проблемаларының дамуын ынталандыруы мүмкін. 30 күн бойы рационнан тәттіні алып тастау тістер мен тіс еті жағдайын жақсартуы мүмкін.

Семіздік қаупі азаяды. Мөлшерден тыс қант тұтыну семіздік қаупінің артуымен байланысты. Тәттіден бас тарту салмақты бақылауға және зат алмасудың бұзылу қаупін азайтуға көмектеседі.

Энергияны және зейін қоюды жақсартады. Қантты артық жеу шаршаңқылық және ашуланшақтық сезімін тудыруы мүмкін. Тәттіден бас тарту энергия деңгейі мен зейін қоюды жақсартады.

Тәттіге деген қажеттілігіңізді түсінуге көмектеседі. Тәтті тағамдарсыз 30 күн жүру өз қажеттеліктеріңіз бен қантқа деген тәуелсіздігіңізді жақсы түсінуге көмектеседі. Бұл болашақта дұрыс әдеттер қалыптастыруға ықпал етеді.

Тәттіден бас тартуға көмектесетін кеңестер

Тәтті жеуді азайту үшін тамақтану мәзіріңізге күрделі көмірсулар қосыңыз. Күрделі көмірсулар жылдам көмірсулар сияқты энергиямен бірден қамтымайды, себебі ұзақ қорытылады. Алайда, баяу қанттарға бай өнімдер ұзаққа дейін тоқтық сезімін береді. Яғни, мұндай тамақтардан соң бірнеше сағат бойы тәттіге тартпайды. Мұндай өнімдерге жармалар, кепкен жемістер, жаңғақтар және шемішке жатады.

Қантқа тәуелділіктен арылуға жеміс-жидектердің мөлшерін көбейту көмектеседі. Олар фруктозаға бай болғандықтан пайдалы тәтті алмастырушы болып табылады. Жиі цитрус, киви, алма, алмұрт, қаражидек, таңқурай, құлпынай, банан және ананас жеңіз. Ал жүзімнің құрамында фруктозамен қатар глюкоза болғандықтан, оны көп жеудің қажеті жоқ.

Қанттан жылдам бас тарту үшін ағзаңызды хром микроэлементінің жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етіңіз. Себебі қандағы осы минералды қоспаның жетіспеушілігі – тәттіге тәуелділіктің бір себебі. Хромды биологиялық белсенді қоспа (денсаулыққа байланысты кез келген дүкенде сатылады) ретінде қабылдауға болады немесе мына азық-түліктерді жеу арқылы алуға болады: брокколи, картоп, күркетауық еті, мандарин, апельсин, бауыр, бұршақтылар, жұмыртқа, қарақұмық.

Күнделікті тамақтану үлесіңіздегі ақуыз үлесін көбейтіңіз. Тамақтағы ақуыз тәттіні азайтуға қалай көмектеседі? Протеиндер қандағы қант деңгейін тұрақтандырады, сол арқылы тәттіге құштарлығыңыз азаяды. Ақуыздың көп мөлшері балықта, теңіз өнімдерінде, тауық және бөдене жұмыртқасында, сүзбеде және етте бар. Тәтті бірдеңе жегіңіз келген кезде қандай да бір протеинге бай өнім жеп жіберіңіз.

Үйдегі барлық тәттіден арылыңыз.Бұл әдіс кондитерлік тәтті тағамның орнына пайдалы бірдеңе жеуге итермелейді. Үйде ешқандай тәтті болмаса, қарныңыздың ашқанын басу үшін үйде бар пайдалы тағамды ғана жеуге мәжбүр боласыз. Супермаркетке барғанда тәтті сататын бөліміне бармаңыз.

Жұмысқа барарда жүрек жалғауға тіскебасар салып алыңыз. Бұл мақсатқа тек пайдалы тағамдар таңдаңыз: жаңғақтар, кепкен жемістер, балғын жемістер, тұтас дәнді нан, мюсли батончигі, қара өрігі бар табиғи йогурт, сүзбешелер. 

Тәттіге тәуелділіктен арылу үшін ащы тағам жеңіз. Тәтті жегіңіз келген кезде грейпфрут, қара шоколад бөлігін немесе балдыркөк қосылған көкөністі салат жеңіз.

Таңғы ас ішуді әдетке айналдырыңыз. Ол толыққанды және тойымды болуы керек. Таңғы асыңыз тойымды әрі құнарлы болса, түске дейін тоқ жүресіз, сондықтан тәтті жегіңіз келмейді.

Кәмпит немесе торт тілімін жегіңіз келгенде 1 стақан су ішіңіз. Тәулігіне 6 стақан су ішуге тырысыңыз. Ол қарынды толтырып, аштық сезімінен арылтады.

massaget.kz
25 қыркүйек 2023 ж. 318 0