Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады

Мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады

Мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына 2 күн қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзіміне (2023 жылғы 1 қазан) 2 күн қалғанын еске салады.
2022 жылы елордада 424 мың жеке тұлғадан мүлік салығы есептелді. Бұл 3,7 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі күні елорда бюджетіне түскен түсімдер 3,1 млрд теңгені құрап отыр.
Тұрғын үйлері, ғимараттары, саяжайлары, гараждары, меншік құқығы бар үй-жайлары және басқа да құрылыстары бар жеке тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Сонымен қатар салық төленбеген жағдайда 2 қазаннан бастап борышкерлерге берешегі туралы хабарлама жіберілетін болады. Егер берешек сомасы 1 АЕК-тен асса, онда 30 жұмыс күнінен кейін қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы ұйғарым жасалады. Мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Төлемді келесі жүктемелер арқылы жүргізе аласыз:
  • «e-Salyg Azamat» мобильді қосымшасы («Электрондық қызметтер» бөлімінде «Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін алдағы төлемдер бойынша қызмет» қойындысы);
  • www.kgd.gov.kz сайты;
  • egov.kz порталы;
  • екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.
Салықтар туралы толығырақ ақпаратты 1414/3 телефоны арқылы немесе Instagram @astana_mkd парақшасында.
29 қыркүйек 2023 ж. 138 0