2024 жылы МӘМС-қа қалай төлем жасаймыз?

2024 жылы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін, азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 1,4 ең төменгі жалақы мөлшерінің 5% төлей алады немесе жарналарды өз бетінше төлей алады - 1 ЕТЖ-дан 5%.
«Бірыңғай жиынтық төлемнің негізгі мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Сондықтан бұл төлемдері төмен жеңілдік кезеңі болды. Қазір жеке тұлғалардың табысын декларациялау кезең-кезеңімен енгізілу үстінде. Бұрын кәсібін тіркемеген азаматтар кәсіпкер ретінде тіркелуі керек», - деп түсіндірді Бақыт Исмаханбетов.
Сурет: turkystan.kz