Медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттары түсіндірілді

Аудан тұрғындарымен кездесуде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының (бұдан әрі – Қор), облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттарын түсіндірді.
Қордың облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, Жалағаш ауданында МӘМС жүйесінде 5 мыңнан астам адам сақтандырылмаған. Бұл негізінен жұмысшылар, сондай-ақ 12 ай бойы төлемдері жоқ жұмысшылар («МӘМС туралы» Заңның 3-тармағының 5-бабы).
«Кент, ауылдық округ әкімдері, салық органының қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, МӘМС жүйесіне тұрақты төлемдердің орындалуын мұқият қадағалалауы қажет. Сақтандырылмаған азаматтардың арасында көшіп кеткендерді, қайтыс болғандарды және т. б. анықтау керек», - деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары сақтандыру мәртебесін жоғалтпау үшін маусымдық жұмысшыларға табысы жоқ кезеңде жеңілдіктер енгізу туралы ұсыныс берді. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтарында МӘМС-ке дербес төлеушілер ретінде төлеген жұмыссыз азаматтарды тіркеуге алмайтыны туралы да мәселе көтерілді.
Барлық сұрақтар назарға алынды. Осындай кездесулерді облыстың басқа аудандарында да өткізу жоспарлануда.