Қызылордада егін жинау науқаны жалғасып жатыр

«Биыл облыста барлығы 193,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 4,8 мың гектарға ұлғайды. Ал негізгі дақыл күріштің көлемі – 89,0 мың гектарды құрап отыр. Сондай-ақ, өңірімізде егіс көлемдерін әртараптандыру бағытындағы жұмыстар да белсенді жүргізілді. Нәтижесінде, егілген картоптың 3,8 мың гектарынан 200,4 центнер өнім жиналса, көкөністің 6,4 мың гектарынан 223,4 центнер, бақша өнімдерінен 257,8 центнер алынды. Ал күріш егісінің суын байлау жұмыстары бүгінде толықтай аяқталды. Жалпы егілген күріштің 63,1 мың гектары орылып, оның 53,4 мың гектары бастырылған болатын. Нәтижесінде 285,3 мың тонна күріш өнімі жиналды. Бұдан бөлек, майлы дақылдар бойынша егілген мақсарыдан 4,5 мың тонна, ал соядан 112 тонна, күнбағыстан 195,5 тонна өнім алынды. Қазіргі таңда мал азықтық дақылдарын жинау жұмыстары да жалғасуда. Дегенмен, облыс бойынша барлығы 278,2 мың тонна жоңышқа шөбі жиналды», - деді Қайратбек Әубәкірұлы.
kyzylorda-news.kzСурет: kaz.tengrinews.kz