9 қазанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 9 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі: жаңбыр жауады; батыста түнде қатты жаңбыр болып, найзағай ойнайды. Республика бойынша екпінді жел соғып, солтүстік-батыста және шығыста тұман түседі.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Атырау облысының орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі болады, - деп жазылған хабарламада.