3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ түседі. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болады.
Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақаталады.
Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі бар, - деп жазды синоптиктер.