Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 10-12 қазанда ауа райы күрт өзгереді

10-12 қазанда ауа райы күрт өзгереді

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруі күтіліп отыр – жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшейеді. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман, көктайғақ күтілетіні болжанды.

Батыс өңірлердегі ауа температурасы түнде 5 аяз - 7 жылыға дейін, күндіз 5-18 жылыға дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде 5 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 5-13 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.
09 қазан 2023 ж. 195 0