Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.
Жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 тауар бар.
Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.