Өзбекстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

1300 тонна жүк темір жол арқылы Балх провинциясына жеткізіліп, тәліптерге тапсырылған. Енді ұн, азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмектер мен киім-кешектер Ауғанстанның мұқтаж азаматтарына таратылмақ. Гуманитарлық көмек көрсеткені үшін тәліптер Өзбекстан президентіне алғыс білдірді.
Тағы айта кету керек, Ауғанстанда азық-түлік тапшылығына байланысты БҰҰ Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстандағы қоймаларда бірінші қажеттіліктегі тауарлардың қорын арттыруға кіріскен. Қазір көрші Өзбекстанның Термез қаласында негізгі логистикалық орталық құрылған.
baq.kz