Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыстағы гуманитарлық көмек қоймалары онлайн режимде жұмыс істейді

Арыстағы гуманитарлық көмек қоймалары онлайн режимде жұмыс істейді

Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға бүкіл қазақстандық қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда қоймаға 510 тонна тұрмыстық заттар, азық-түлік, киім-кешек өзге де заттар жиналса, соның 400-ден астамы гуманитарлық көмек ретінде халыққа таратылды.

"Бұдан бөлек «Түркістан» әлеуметтік даму корпоротивтік қорына Арыс халқына арнап 1 млрд 200 мыңнан астам қаржы жиналды. 
Сондай-ақ, Арыс қаласындағы гуманитарлық көмек қоймаларына онлайн веб-камералар орнатылды. Қоймадан тікелей  көрсетілімді www.barlau.kz/company/tx/
 сайтынан көре аласыздар", - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
https://baq.kz
02 шілде 2019 ж. 1 082 0