"Жан ұшырарлық жағдай": Алматылық өнер иелері жұртты Арысқа заттай қолдау көрсетуге шақырды

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы өнер жұлдыздарының ішінде белсенділік танытып, көш бастаған "Жігіттер" тобының солисі Бағлан Әбдірайымов болды. Ол таң атпай Арыс қаласына жолға шығып, халықтан қаражат жинап, қажетті заттарды мұқтаж жандарға жеткізіп берген.
"Құрметті, бауырлар, Арыс қаласындағы жағдайға байланысты Шымкентте шықсам ба деп тұрмын. Алматының жігіттері, еріктілер санын толтырып пайдамызды тигізіп жандарында болайық! Жоғалған бала, үрейлі бауырлармен бірге болайық! Өз көліктеріңізбен жолдық шығындарыңызды алып алыңыздар!", -деп жазды Бағлан Әбдірайымов.
Көмек қолын созғандардың ішінде белгілі "Өнер қырандары" тетары да бар. Қазіргі таңда олар Арыс қаласының адамдары эвакуацияланған аймақтарға жетіп үлгерген. Алматылық жұлдыздар бірнеше аймаққа жеткізілген тұрғындарға қолдау көрсетіп, рухани және материалдық тұрғыдай көмек қолын созуда.
"Бірге үш көлік келдік. Бірі "Өнер қырандар" Ақмешітке кетті. Біз, номері 3-ші жатақханадағы Арыс қаласына жақын орналасқан ауыл - аймақтан жаңа орналасқан бауырларға азық-түлік алып жатырмыз! Сіздердің жіберген қаражат 600 мыңнан асып түсті!", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.