Мақтааралға көмек: Қызылорда облысынан 68 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Облыс әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен ерікті жастар атсалысып, 6 және 9 мамыр күндері «СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК» ұранымен Түркістан облысына гуманитарлық көмек жеткізілген болатын.
Бұл жұмыстар жалғасын тауып, Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға Сыр өңірінен гуманитарлық көмектің 3-ші кезеңі жолға шықты.
Қармақшы, Сырдария аудандары және Байқоңыр қаласынан 13 автокөлікпен барлығы 24 тонна азық түлік,
2 тонна жем, 2 тонна киім-кешек, 1 тонна тұрмыстық заттар және 1 бас жылқы, 1 бас сиыр малы жіберілді.
Жалпы 6 мамырдан бастап Сыр жұртшылығы Түркістан облысына 68 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.