Қазақстанның оңтүстігінде 3 градус аяз күтіледі
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар аралас жауын жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тек елдің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың барлық аумағында екпінді жел соғып, тұман түседі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында кей жерлерде 30 м/с жел соғады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының солтүстігінде таулы аймақтарда 3 градусқа дейін аяз күтіледі.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында 1-3 градус аяз күтіледі.