Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке куәлікті шұғыл жасату бағасы арзандайды

Жеке куәлікті шұғыл жасату бағасы арзандайды

Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жедел тәртіппен беру құнын төмендетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform.

Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық-жобасында жазылғандай, енді Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында баға мынадай болмақ:

- құжат 1 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 3372,45 теңге (қазір 4 983 теңге);

- куәлік 3 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 1770,88 теңге (қазір 2 752 теңге);

Ал облыстардың аудандары мен қалаларында құжат тек 7 жұмыс күні ішінде дайын болады. Оның құны 677 теңге 95 тиын мөлшерінде (қазір 1 116 теңге) бекітілді.

«Түзетулер мемлекеттік монополияға жататын Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» қызметтерінің бағасын төмендету жағына қарай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі», – деп түсіндірме берілген бұйрық-жобасына.

Құжат 30 қазанға дейін көпшілік талқылауда болады.
16 қазан 2023 ж. 243 0