Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы өседі

Студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы өседі

Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және мөлшерлеу ережелеріне өзгеріс енгізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес:

Педагогикалық дайындық бағыттары мен «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге – 41 898 теңге (қазір 36 660 теңге);
ЖОО-да педагогикалық бағыттар бойынша оқитын студенттерге - 67 200 теңге (қазір 58 800 теңге);
«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге - 67 200 теңге (қазір 58 800 теңге);
Интерндерге - 75 890 теңге (қазір 66 403 теңге);
Магистранттарға - 97 024 теңге (қазір 86 987 теңге);
«Назарбаев университетінде» оқитын магистранттарға - 181 250 теңге (қазір 162 500 теңге);
Докторанттарға - 217 500 теңге (қазір 195 000 теңге);
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша докторанттарға - 217 500 теңге (қазір 195 000 теңге);
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға - 111 579 теңге (қазір 100 036 теңге);
ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген сот төрелігі академиясының магистранттарына - соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес;
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктілігі бойынша оқитын студенттерге - 32 681 теңге (қазір 21 787 теңге);
Техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 31 422 теңге (қазір 20 948 теңге).
Министрлік әзірлеген құжат 4 мамырға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.
19 сәуір 2023 ж. 328 0