Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсті?

Студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсті?

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау, төлеу және мөлшерін белгілеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері белгіленеді:
- білім берудің педагогикалық бағыттары мен «денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер - 31 423 теңге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқытудың педагогикалық бағыттары бойынша білім алатын студенттерге - 50 400 теңге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында «денсаулық сақтау» даярлау бағытында оқитын студенттерге - 50 400 теңге;
- тағылымдамадан өтушілер - 59 289 теңге;
- магистранттар - 76 950 теңге;
- «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар - 143 750 теңге;
- докторанттар - 172 500 теңге;
- «денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттарға - 172 500 теңге;
- «денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқыту бағытында резидент дәрігерлер мен магистранттар - 88 494 теңге;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары, мемлекеттік органдардан оқытуға бағытталған - соңғы жұмыс орнындағы лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес.
- еңбек біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге - 21 787 теңге.
- Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге арналған мемлекеттік стипендия (орта буын мамандарын дайындауды қарастыратын), ортадан кейінгі білім - 20 948 теңге.
Бұл ретте экологиялық апат аймағында тұратын студенттерге стипендия экологиялық қолайсыз жағдайда өмір сүру коэффициентін пайдалана отырып төленеді.
08 қыркүйек 2021 ж. 463 0