Мұғалімдердің жүктемесі 16 сағатқа азаяды

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі:
- Орта мектеп оқытушылары үшін – 16 сағат;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына және білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін – 18 сағат болып бекітілді.
Заңның аталған нормалары 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.