Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері үшін семинар сабағы өткізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Арал аудандық бөлімі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңын түсіндіру тақырыбында Арал аудандық полиция бөлімінің майоры Е. Жанжігітов келіп бөлім мамандарымен бірлесе отырып семинар сабақ өткізілді.
Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар өз өтініштері мен шағымдарын, тағы басқа да құжаттарды «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышын» ұйымдастырған Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да бере алатындығы айтылды.