Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептегі жиһаздың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлу маңызды

Мектептегі жиһаздың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлу маңызды

Білім беру ұйымдарын қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие процесінің тиімділігін жоғарылатуда маңызы өте зор.Мектеп жиһаздарына қойылатыннегізгі талаптардың бірі – жұмыс үстелі мен орындықтардың баланың бой ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы бойынша «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес ойын және спорт алаңдарындағы жабдықтарды қоса алғанда, жиһаз және жабдық білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойы мен жасына сәйкес келуі тиіс. Спорттық, ойын жабдықтары жарамды күйде ұсталуы керек.
Оқу кабинеттері, зертханалар жұмыс үстелдерімен, арқалары бар орындықтармен жабдықталады. Есту, көру қабілеті бұзылған оқушылар мен тәрбиеленушілер - тақтадан алдыңғы үстелдергеотырғызылады, суық тиюмен жиі ауыратындарды сыртқы қабырғадан алысырақ отырғызылады.Оқу үй-жайларындағы үстелдер және парталар сол жақ бүйірден табиғи жарықтандыру қамтамасыз етіле отырып, орнатылады. Негізгі жарық ағынының білім алушылар ментәрбиеленушілердің алдынан және арт жағынан түсуіне жол берілмейді.Бұл талаптардың сақталуы балалардың дене бітімі дамуының үйлесімді болуына, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына, қызмет қабілетінің ұзақ уақыт жоғары болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, көз анализаторы мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарының профилактикалық шаралары ретінде де өте маңызды роль атқарады. Оқушының дене бітімінің дамуы мен ақыл-ой қызмет қабілетінің дұрыс қалыптасуы үшін сабақта отырғандағы дене тұлғасының дұрыстығы қажет.
Бұл талаптар сақталмағанда жұмыс істеу жағдайының қолайсыздығы арта түседі:
дене кейпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның ассиметриясы дамиды;
“дене мүсінінің” бұлшық еттеріне түсетін жүктеме көбейіп, ауырлық орталығы ауысып, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп соғады;
 балалар сабақта тыныш отыра алмай, артық қимыл-қозғалыстары көбейеді және т.б.
Жиһаздың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлу керек. Ол қолдың үстелдің үстінде дұрыс орналасуына ықпал етуі керек, аяқтар еденде мықтап тұруы керек, оқушының тізесі мен үстелдің арасында жеткілікті орын болуы керек, орындықтың артқы жағы мен орындықтың арасында бос орын болуы керек, орындықта отырған баланың тізесінде кернеу болмауы керек. Яғни, жиһаз балалардың анатомиялық және физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек.
Сондықтан, жиһазды таңдағанда, қолда бар сәйкестік сертификаттарымен танысу керек, бұл сізге дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді. Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптардың сақталуы қатаң екенін есте сақтайық!
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

26 қазан 2023 ж. 317 0