Оқушылар қауіпсіздігін сақтау назарға алынды

Семинарға мектеп медицина қызметкерлері, мейірбикелер, мектеп асханасын жалға алушы жеке кәсіпкерлер мен ас үй қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында баяндамалар оқылып, слайдтар көрсетіліп, үн парақтар таратылды.
Семинарға қатысушы мектеп медицина қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті сала мамандарынан заң талаптарына сәйкес, жауап берілді.