"Соңғы қоңырау" мен "Мектеп бітіру" кешін өткізу кезінде санитариялық талап қатаң сақталуы тиіс

– Мектеп бітіру кешінің ұзақтығы 2-3 сағаттан аспайды, қонақтар мен әртістер қатыстырылмайды. Мерекелік аниматорларды, түрлі той ұйымдастыру агенттіктерін, жеке студияларды шақырмауға кеңес береміз.
– Бейне және фототүсірілімдерді жеке қорғаныс құралдары (маскалары) бар адамдар жүргізеді;
– Мектеп ауласында аттестаттарды тапсыру кезінде оқушылар мен ұстаздардан басқа ата-аналардың мүмкіндігінше аз көлемі мектеп ауласына жіберіледі. Әр оқушымен келетін ата-ананың саны 1-ден аспауы керек. Себебі бұл санитарлық талаптарды сақтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мектеп ауласында туған-туысқандар, достардан құралған топтық жиналуларды болдырмауды сұраймыз;
– Барлық кешке қатысушылар жеке антисептикалық препараттармен, маскалармен қамтамасыз етілуі тиіс.
– Мектепте мерекелік дастархан жаюға, сонымен қатар мейрамханаларда мектеп бітіру кештерін салтанттаты түрде ұйымдастыруға болмайды.
Барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталуын мектеп әкімшілігі назарға алуы тиіс.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі