Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізуге қарсымыз": Қазақстандық 11-сынып оқушылары лимузин мен мейрамханадан бас тартты

"Мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізуге қарсымыз": Қазақстандық 11-сынып оқушылары лимузин мен мейрамханадан бас тартты

Астаналық оқушылар мектеп бітіру кешінен бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Нұр-Сұлтандағы 24 мектептің оқушысы мектеп бітіру кешін мейрамханада емес, мектептің асханасы немесе спортзалында өткізеді, деп ерекше таңдау жасады.
Бұл жайлы ғаламторда "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер қауымдастығы және "Адал ұрпақ" мектеп клубтары ақпарат таратқан. Елорданың білім басқармасының айтуы бойынша "қарапайымдылық акциясына" бүгінде 24 мектеп қолдау көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш соңғы қоңырауға дейін өседі деп жоспарлануда.
Жастар ұйымдарының белсенділері мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізуден бас тартамыз деген ұранмен бейнежазба түсірген. Видеода жасұландық он бірінші  сынып оқушылары бітіру кешіне лимузинмен емес, автобуспен, қымбат көйлекпен емес, мектеп формасымен келіп ақша үнемдеп, ата-анаға көмектесуге шақырады.
"Бірнеше мыңға алынған қымбат көйлектер, лимузиндер мен мейрамханалар ойымыздан шығып кетеді. Ал достарымыздың қуанышы мен күлкісі мәңгі жадымызда қалады. Сен қайсысын таңдайсың?" - деп қатарластарына үндеу салды ұйымдастырушылар.
"Жас Ұланның" бейнежазбасы ғаламторда көп лүпіл жинап, қолдаушылар саны күннен күнге артып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің ортасында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектеп бітіру кеші метеп қабырғасында өту керек деп баяндама жасаған болатын. 

http://stan.kz
12 мамыр 2019 ж. 1 064 0