Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дала өрті өршімесін десеңіз...

Дала өрті өршімесін десеңіз...

Бүгінде шөп жинау және жем-шөп дайындау бойынша жұмыстар ауыл шаруашылығында қызу жүруде. Атқарылып жатқан жұмыс кезінде ыстық, құрғақ және желді ауарайы, көп санды ауыл шаруашылық техникалары, жанармай материалдары қауіпті жағдай тудыруда. Малға күрделі жем-шөп жинау үшін тек ауыл тұрғындары емес, сонымен бірге көптеген адамдар жаз бен күз мезгілдерінде қол үзбей жұмыс жасайды. Ұзақ уақыт атқарған жұмыстың нәтижесі санаулы минуттарда өртеніп, жойылып кетуі өзекті өртейтін қайғыға әкелетіні рас.
Жем жинайтын арнайы техникалар, тракторлар, автокөліктер және өзі жүретін шассилерге жанармай құю ережелерінің бұзылуынан өрт туындауы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин және тағы басқа жеңіл тұтанушы және жанғыш сұйықтықтар қауіп төндіреді. Дала және жем-шөп жинау орындарында болатын өрттердің себептері: оталдыру жүйесінде, ауыл агрегаттарының пайдаланылған кернейіндегі ұшқындардан, оларда жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауы, агрегаттарда жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуінде. Өрттің алдын алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында маңызды ержелерді естесақтаңыз.
Тұрғын үйдің мекен учаскелерінде шөп жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтаорындалады. Қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға, электр жеткізу желілерінің астына жинауға, учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықта, көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан жәнебасқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жолберілмейді. Іріжем-шөпті тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған, ұшқын өшіргіштер мен және қосымша екі ұнтақты өртсөндіргішпен жабдықталған арнайыкөлік құралдарында жүзеге асырылады. Жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады. Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер.
Егер өрт немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз

Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
01 қараша 2023 ж. 275 0