Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Апостиль қоюдың тәртiбi мен шарттары

Апостиль қоюдың тәртiбi мен шарттары

Апостиль қойғаны үшiн алым төленгенi бойынша және құжатты ұсынуы бойынша апостиль қойылады. Апостиль қою үшiн құжаттар түпнұсқаларда да, нотариаттық расталған көшiрмелерде де ұсыныла алады. Апостильдi қою үшiн ұсынылатын құжаттар анық және нақты жазылуға, лауазымды адамдардың қолдары және мөрлердiң бедерi анық болуға тиiс. Апостиль кез келген құжат ұсынушының өтiнiшi бойынша құжаттың мәтiннен бос орында не оның арғы бетiнде қойылады және уәкiлеттi мемлекеттiк органның елтаңбалық мөрiмен бекiтiледi. Апостиль Гаага конвенциясының қатысушысы ретiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында қойылады.Қазақстан Республикасының аумағында түпнұсқаларға апостильдi қою үшiн өзге егемендi мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары, лауазымды адамдары немесе нотариустары берген құжаттары қабылданбайды.
Мұндай жағдайларда жүгiнген адамға уәкiлеттi мемлекеттiк органның тұрған жерi бойынша нотариаттық расталған көшiрмелерге апостильдi қою мүмкiндігi туралы түсiндірген жөн. Апостильдiң мәтiнiне өзгерiстер енгiзуге және оның мөртаңбасындағы жолдардың орналасу ретiн өзгертуге жол берiлмейдi.
Сондай-ақ апостильдiң мөртаңбасын көшiрме әдiсiмен немесе куәландырылатын құжаттарға тiгу үшiн өзге де жолмен апостильдi парақтан дайындауға жол берiлмейдi. Барлық жағдайларда апостиль мөртаңбаның бедерi ретiнде қойылады. Апостиль, оны ұсынылған құжатқа қою мүмкін емес болған жағдайда қағаздың бөлек парағында қойылуы мүмкін.
Бұл жағдайда құжаттың парақтары мен апостилi бар парақ кез келген түстi жiппен бiрге тiгу жолымен бекiтiледi және нөмiрленедi, бұл туралы «жұлдызшада» тиiстi жазу жүргiзiледі. Құжаттардың соңғы парағы бекiтiлу орнында елтаңбалық мөр қойылатын «жұлдызшамен» желiмденедi. Бұл ретте қойылған мөрдiң бедерi «жұлдызшада» және парақта бiрдей орналасуға тиiс.
Бекiтiлген парақтардың саны апостильдi қоятын адамның қолымен расталады. Қойылған апостилi бар парақ жоғарыда көрсетiлген әдiспен және егер құжаттың мұқабасы болған жағдайда (мысалы, бiлiм туралы диплом) құжатқа тiгiлуге тиiс. Апостильдi қою ұсынылған құжатқа қол қойған адамның қолының үлгiсiн талап ету және қол қою құқығына өкiлеттiктерiн растау сондай-ақ құжат шығатын мемлекеттiк орган (мекеме), лауазымды адам немесе нотариус мөрiнiң (мөртаңбасының) бедерiн талап ету қажеттiлiгi жағдайында кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Бас тарту сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдарда ресми құжаттардың апостильдендiруге келiп түскен немесе келiп түсуi мүмкiн өздерiнiң ведомстволық бағынысты органдардың және тағы басқа лауазымды адамдары қолдарының үлгiлерi болуға тиiс. Лауазымды адамдардың қолдарының, құжат шығатын мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың елтаңбалық мөрлерi мен мөртаңбаларының үлгiлерi болмаған жағдайда, апостиль құжаттардың нотариаттық расталған көшiрмелерiнде қойылуы мүмкiн.
К.Утепбергенов,
Арал аудандық сотының бас маманы
02 қараша 2023 ж. 553 0