Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол картасы аясындағы салынып жатқан дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысты

Жол картасы аясындағы салынып жатқан дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысты

Осы аптада аймақ басшысы Нұрлыбек Налибаев пен партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов Арал ауданында жұмыс сапары барысында партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысып, тұрғындармен кездесті.«AMANAT» партиясының әрбір азамат тұрғылықты жері мен материалдық жағдайына қарамастан, қажетті кәсіби медициналық көмекті дер кезінде алуы керек деп есептейді. Осы мақсатта Сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде денсаулық сақтау саласы бойынша өңірде ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жылы 16, келер жылы 11 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Арал ауданындағы дәрігерлік амбулатория осының бірі. Нысан таяу арада пайдалануға берілмек. Ғимарат ішінде дәріхана, оқшаулау бөлмесі, зертхана, физиотерапиялық емдеу бөлмесі, күндізгі емдеу стационары, жалпы тәжірибелік дәрігердің кабинеті, егу бөлмесі қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолайлы жағдай жасалған. Аймақ басшысы мердігерге жұмысты сапалы жүргізіп, нысанды уақытылы ел игілігіне табыстау міндетін жүктеді.
Жалпы партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында емханасы бар, көпбейінді аурухана, қан орталығы құрылыстары басталды және Сексеуіл кентінде аурухана құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге, перинаталдық орталық және Арал ауданының ауруханасына жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылыстарының құжаттары әзірленуде. Жалпы Жол картада қамтылған ағымдағы жылдың соңына дейін толығымен аяқталатын барлық іс-шаралар бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
#AMANAT
02 қараша 2023 ж. 190 0