БЕКБАУЫЛДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Ауыл ақсақалы Ш. Мыршаев сөз алып, тұрғындардың қажеттілігіне сәйкес жаңа ғимараттың салынуына атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Тұрғындарға дәрігерлік көмек түрлері бұрын ескі ғимаратта көрсетіліп келген болатын. Амбулаторияда 10 медицина қызметкері жұмыс жасайды.
Жаңа амбулатория заманауи талапқа сай барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әйелдер қарайтын бөлме, егу бөлмесі, балалар бөлмесі, дәрігерлерге дейінгі қабылдау және күндізгі жатын бөлмелері қарастырылған.
Айта кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Ақирек ауылдық округінде медициналық бекет пайдалануға берілген болатын.