«AMANAT»: Арал ауданында 130 орындық балабақша пайдалануға берілді

Атап өту керек, «AMANAT» партиясы өзінің 5 жылды қамтыған Сайлауалды бағдарламасында өңірде 2 жастан 6 жасқа дейін балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 99 пайызға, 3 жастан 6 жасқа дейін балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 100 пайызға жеткізуді жоспарлаған болатын. Қазіргі таңда 2-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту ағымдағы жылға 89 % құрап, жоспар толығымен орындалды. Арал ауданы бойынша биыл бұл көрсеткішті 88,2 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

#AMANAT