Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT»: Арал қаласында бой көтерген екі пәтерлік 50 тұрғын үйде қоныс тойы тойланды

«AMANAT»: Арал қаласында бой көтерген екі пәтерлік 50 тұрғын үйде қоныс тойы тойланды

«AMANAT» партиясы азаматтардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруі үшін тұрғын үймен қамтамасыз етуді басым бағыттарының бірі ретінде Сайлауалды бағдарламасында қамтып отыр. Ол үшін «Халықпен бірге!»,- деп аталытын Сайлауалда бағдарламасында 5 жылда өңірде 729,4 мың ш.м тұрғын үйді пайданалуға беруді жоспарлады. Жоспар кезең кезеңімен жүзеге асуда.Атап айтсақ, бағдарлама аясында тамыз айында Шиелі ауданында 18 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 70-тен астам отбасы, Жаңақорған ауданы орталығынан 2 пәтерлік 25 тұрғын үй пайлануға беріліп, 50 отбасы баспаналы болса, бүгін Арал ауданында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов 2 пәтерлі 50 үйдің алғашқы тұрғындарына пәтер кілттерін табыстады.
Аралдықтарды жаңа қонысымен құттықтаған аймақ басшысы халықты тұрғынүймен қамту негізгі міндеттердің бірі екендігін атап өтті.
«Халықты баспанамен қамту - мемлекет үшін басым бағыттың бірі. Жыл сайын аймақта тұрғын үй көлемі артуда. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында былтыр 683,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл 692,3 мың шаршы метр баспана табысталмақ. Арнайы қабылданған «Сыр жастары» бағдарламасы аясында облыста алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1000 пәтер сатып алу жоспарланған. Бұл - тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі», - деді аймақ басшысы.
#AMANAT
02 қараша 2023 ж. 246 0