Еліміздің ірі қалаларында ауа райы бұзылады

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің бірқатар қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріліп, түнде 4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,5 м/с болмақ. Синоптиктер Астанада да 12 қарашада жаңбыр жауады деп болжады. Күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін жетіп, түнде 3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,6 м/с болады. Шымкентте бүгін жаңбырлы күн деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 11 градусқа дейін жетіп, түнде 5 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Желдің жылдамдығы 7,9 м/с.
syrboyi.kz