Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тойға барғанда қандай тағамдарды жеуге болады? Дәрігер кеңес берді

Тойға барғанда қандай тағамдарды жеуге болады? Дәрігер кеңес берді

Невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында тойға барғанда жеуге болатын тағамдарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлжалғас Сманова тойға барғанда мына тағамдарды жеуге кеңес берді
Ет. Қазақтың ұлттық ет тағамының адам ағзасына пайдасы өте зор. Адамға күніне 60-80 грамм ақуыз тұтыну қажет;
Қой, сиыр және жылқы етінің сорпасы;
Құйрық-бауыр және қазы. Қойдың майында да, жылқының етінде де холестерин өте аз;
Жеміс-жидектер және көкөністерде дәрумендер көп. Дәрумендер біздің ағзамызға өте қажет. Жеміс-жидектерді күнделікті өз мөлшерінде тұтынсақ, денсаулығымызға да едәуір пайдасы болады;
Майонез, кетчуп қосылмаған салаттар.

Фото: Ашық дереккөзден алынды


26 қараша 2023 ж. 402 0