Мидың жұмысын жақсартатын пайдалы тағамдар
Нутрициолог Елена Свиридова Lenta.ru-ға берген сұхбатында миға пайдалы тағамдарды атады.
Оның айтуынша, көк шай пайдалы, өйткені оның құрамында кофеге қарағанда кофеин көп. Бұл сусын танинге бай. Екі микроэлемент те сергіп алуға көмектеседі.
Сарапшы пайдалы В12 дәрумені бар сүзбеге тоқталды. Ол қан айналымын және ми жұмысын жақсартады. Жеміс қосылған сүзбе ұзақ уақыт бойы тоқтық беретін таңғы ас, деп атап өтті дәрігер.
Ол қаражидек қан айналымын, қысқа мерзімді есте сақтау қабілетін жақсартатынын, сонымен қатар қозғалыс координациясын реттейтінін айтты. Қаражидекті супермаркеттерден жыл бойы табуға болады.
Нутрициолог сондай-ақ алманы жиі жеуге кеңес берді, өйткені алма ағзаға күш-қуат беретін темірге бай.
sputnik.kz