Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің барлық өңірінде қызылша ауруы өршіп тұр

Еліміздің барлық өңірінде қызылша ауруы өршіп тұр

Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық жағдайы тіркеледі, негізгі сырқаттанушылық вакцинацияланбаған адамдардың есебінен тіркеледі. Бұл туралы 6 желтоқсанда ОКҚ-да өткен сараптамалық брифингте ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері елімізде қызылшаның 20 188 жағдайы тіркелді, оның ішінде 81% (16351) – 14 жасқа дейінгі балалардың, 3,4% (706) – жасөспірімдердің, 15,4% (3131) – ересектердің арасында.

Қызылша ауруы барлық өңірлерде тіркелді. Шымкент қаласында жоғары деңгей байқалды – 3069 жағдай (100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш – 263,5), Алматы қаласында – 3010 жағдай (136,5), Жамбыл – 2724 жағдай (224,0), Маңғыстау – 1701 (218,0), Алматы – 1812 (119,0), Атырау – 1377 (196,6), Ақтөбе – 1485 (158,7), Қызылорда облыстарында – 1182 жағдай (139,8).

«Жалпы республика бойынша ауру балалар арасында вакцинацияланбаған балалардың үлесі 83,6% -ды құрады (13 670 жағдай)», деді Манар Смағұл.

Манар Смағұл қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келе жатқанын және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылғанын атап өтті. Сонымен қатар ата-аналарды балаларды қызылшаға қарсы уақтылы вакцинациялауға, 6-10 айлық және 2-5 жас аралығындағы балаларға қосымша иммундауға шақырды.

Фото: ​egemen.kz​​​
07 желтоқсан 2023 ж. 399 0