Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Түнде бір қыз зар еңіреп хабарласты». Танымал кинорежиссер Баян Мақсатқызының бағын ашқанын айтты

«Түнде бір қыз зар еңіреп хабарласты». Танымал кинорежиссер Баян Мақсатқызының бағын ашқанын айтты

Танымал кинорежиссер Талғат Теменов "ADAL Adam" youtube-арнасына берген сұхбатында "Махаббат бекеті" фильміндегі Гүлназ рөлін сомдаған Баян Мақсатқызының бағын ашқанын айтты.

«Оның бағын аштым деп сеніммен айта аламын. Қазақта «Бұлақ көрсең, көзің аш» деген сөз бар», - деді ол.

Сондай-ақ, журналист «Талғат Теменов өзінің кейіпкері Гүлназға, яғни Баянға ғашық болмаса, осындай ғажап туынды шықпас еді» деген пікірдің рас-өтірігін сұрады. Бұған режиссер киноның шынайы шығуына сценарий себеп болғанын айтты.

«Повестті 1977 жылы жаздым. Ол кезде Талдықорғанда театр актері едім. Кітап аз тиражбен шықты. Осыдан 2-3 жыл бұрын түнде бір қыз зар еңіреп хабарласты. «Талғат аға, мен «Гүлназ» повесін оқып, зар еңіреп жылап отырмын. Жанымды қоярға жер таппай отырмын. Мұншама сұлу дүниені қалай жаздыңыз?» деді. Повестте таза махаббат болмаса, кино болмас еді. Киноның негізгі өзегі оның сценарийіне байланысты. Повестің әр әрпінде, әр жолында, әр бетінде төгіліп тұрған сыр болса, мен бекер қалам термемедім деп ойлаймын. Соның арқасында кино да солай болып шықты. Өз басым Баянмен сөйлеспегеніме біраз болды. Бүгінгі руханиятта Баян өзінің талантымен, еңбегімен дәлелдеген талантты қыздарының бірі», — деді ол.

massaget.kz​​​
Фото: massaget.kz
19 желтоқсан 2023 ж. 167 0