Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Банктер сізге несие беру не бермеу жайлы шешімді қалай қабылдайды?

Банктер сізге несие беру не бермеу жайлы шешімді қалай қабылдайды?

Несие рәсімдеу туралы шешімге келіп, оған өтініш тастамақ болғанда банк қандай шешім шығаратынын ойлап, сәл қобалжитынымыз рас. Себебі банктер несие бермес бұрын сіздің төлем қабілеттілігіңізді және несие беру тәуекелін анықтау мақсатында несие тарихыңызды мұқият тексереді. Сонда банк клиенттің сенімділігін қалай бағалайды және шешімнің оң не теріс болуына не әсер етеді? Бүгінгі мақалада қаржы ұйымдарының несие беру туралы шешімдерін қалай қабылдайтынын егжей-тегжейлі қарастырз. Сондай-ақ ForteBank маманынан банк несие беруден бас тартқан жағдайда не істеу керек және несие беру мүмкіндігін қалай жақсартуға болатыны жөнінде кеңес сұраған едік.

Несие тарихы мен скоринг несиені сәтті рәсімдеуне айтарлықтай әсер ететін екі маңызды фактор.

Скоринг қалай жүргізіледі?

Скоринг дегеніміз - клиенттерді бағалайтын және оларға несие беріп-бермейтінін шешетін жүйе. Ал "скоринг" сөзінің өзі ағылшын тілінен аударғанда "балл" дегенге мағынасы келетін сөз. Компания немесе жеке кәсіпкер несие алуға өтініш бергенде, бағдарлама қарыз алушының банктің негізгі талаптарына сәйкестігін тексереді. Бұл бірінші кезеңде төлем жасай алмайтын клиенттер тізімін сейілту үшін қажет.

Скоринг жүйесі қарыз алушы туралы ақпаратты, банк талаптарын және статистикалық мәліметтерді салыстыруға негізделген. Әрбір банктің скорингтік бағдарламалары әртүрлі бапталған, бірақ олар ұқсас схема бойынша жұмыс істейді:

1. Банк жүйеге қарыз алушыға қойылатын талаптарды сипаттайтын параметрлерді енгізеді.

2. Қарыз алушы өзі туралы ақпарат береді және сауалнаманы толтырады.

3. Скоринг жүйесі клиент ұсынған және басқа дереккөздерден алынған деректерді талдайды. Параметрлердің әрқайсысы белгілі бір ұпай санымен бағаланады, олардың қосындысы баллдық ұпайды құрайды.

4. Баллдық жүйе негізінде шешім қабылданады – егер ол банк белгілеген шекті мәннен жоғары болса, онда шешім оң, аз болса – теріс болады.

Несие тарихы деген не?

Банктердің шешім қабылдау процесіне үңілмес бұрын, несие тарихының не екенін және оның не үшін маңызды рөл атқаратынына тоқталайық. Несие тарихы - бұл сіздің барлық қаржылық міндеттемелеріңіз бен төлемдеріңіздің тізімі. Ол несие карталары, ипотека, автокөлік несиелері және басқа да қарыздар туралы ақпаратты қамтиды. Тіпті бірнеше рет мерзімін өткізіп алған төлемдер сіздің несие тарихыңызға әсер етуі мүмкін.

Банктер несие тарихын қалай бағалайды?

Несие алу үшін банкке жүгінген кезде, ол несиелік бюродан несие тарихыңызды сұратады. Бұл агенттік сіздің қаржылық транзакцияларыңыз туралы ақпаратты жинап, сақтайды және несиелік есеп береді. Бұл өз кезегінде сіздің несиелік сенімділігіңіздің сандық көрсеткіші есептеледі.

Банктің шешіміне әсер ететін критерийлер:
Банк сіздің несиелік баллыңызды ғана емес, басқа да бірқатар факторларды ескереді. Forte мамандары шешім шығару кезінде сіздің кірісіңізді, жұмыс орнында қанша уақыт жұмыс істеп жатқаныңызды, сұралған несие сомасын және басқа несиелер бойынша берешегің жайлы ақпаратты қарастыратынын айтады. Сіздің жұмыс орныңыз және ондағы табысыңыз неғұрлым тұрақты болса, несиені мақұлдау ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

Несие тарихыңызды қалай білуге болады?

Несие алуға өтініш бермес бұрын несиелік бюродан несиелік есептің көшірмесін алған жөн. Мысалы, Қазақстанда Бірінші кредиттік бюро сайты және Электронды үкімет порталы (eGov.kz) арқылы жыл сайын бір рет тегін несие есебін алуға құқығыңыз бар. Бұл сіздің несиелер тізіміңізде қателердің бар-жоғын тексеруге және оларды дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

Банк несие беруден бас тартқан жағдайда не істеуге болады?

Кейде банктер сізге несие беруден бас тартуы мүмкін. Бұл сізде ары қарай несие алуға еш мүмкіндік жоқ дегенді білдірмейді. ForteBank мамандары банкке хабарласып, бас тартудың себептерін білуге кеңес береді. Сіз сондай-ақ несие баллын жақсарту үшін нақты қадамдар жасай аласыз. Мысалы, қазіргі несиелер бойынша уақытында төлемдер жасау және қарызды азайтуға тырысуға болады.

Айта кету керек, несие алу - бұл сіздің несие тарихыңыз бен қаржылық жағдайыңызға назар аударуды қажет ететін маңызды шешім. ForteBank мамандарының кеңесіне құлақ асу және несие тарихыңызды мұқият басқару арқылы несие рәсімдеу және қаржылық мақсаттарыңызға қолжеткізу мүмкіндігін арттыра аласыз.

stan.kz

Фото: stan.kz
21 желтоқсан 2023 ж. 274 0