Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған

Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Арал аудандық сотының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі қаулысымен азамат К-ның мінез-құлқына 6 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талаптар белгiленген.
Алайда, К. ағымдағы жылдың 21 қарашасында алкогольдік масаң күйде әйелі А-ға былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамдарға сыйламаушылық білдіріп, жанұя шырқын бұзып, сонысымен мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен К. аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Арал аудандық соты

25 желтоқсан 2023 ж. 214 0