Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері ел аумағында аяз қайта күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазгидрометтің мәлімдеуінш, 6-8 қаңтар аралығында аяз күші - 30 градусқа жететінін болжап отыр.
Алдағы тәуліктерде атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальдың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, оңтүстік облыстарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.
6 қаңтарда еліміздің солтүстік-батысына қалың қар түседі.
7-8 қаңтарда солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта қалың қар жауады деп болжанған. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Солтүстік-батыс антициклон арқылы суық ауа массасы еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Осылайша, түнде батыста және солтүстік-батыста аяз болып, температура - 8-25 градусқа дейін төмендейді. Ал елдің солтүстігінде -5-30 градус аяз болса, республиканың шығысында -5-18 градусқа дейін күн суытады. Оңтүстік облыстарда түнде - 5, күндіз цельсий бағаны + 7 көрсетеді, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Фото: aikyn.kz