Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маска тағу міндеттеле ме? - министр жауап берді

Маска тағу міндеттеле ме? - министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният инфекцияның таралуына байланысты қазақстандықтар қайта маска тағуға мәжбүр бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр коронавирус инфекциясы жыл бойы және ай сайын тіркелетінін айтты. Ажар Ғиният бойында қандай да дерті бар және егде жастағы адамдар ауруханаларға жиі түсетінін атап өтті.

Созылмалы аурулары бар науқастарға, әсіресе тыныс алу, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан науқастарға, онымен қоса егде жастағы азаматтарға қайта вакцинациялауды ұсынамыз. Өткен жылы 350 мың адам екпе алды. Біз биыл да 350 мың адам вакцинациялауды жоспарлап отырмыз, - деді ведомство басшысы.

Алайда Денсаулық сақтау министрі маска тағу талабын енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Ол бүгінгі таңда маска тағуды тек ұсыныс ретінде қаралып отырғанын жеткізді.

Біз маска тағуды ұсынамыз. ЖРВИ маусымы басталғандықтан, қазаннан(еск -өткен жыл) мамырдың аяғына дейін бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бетперде тағу және осы аурулардың алдын алу ұсынылады, ал медициналық ұйымдарда маска режимі міндетті, - деді Ажар Ғиният.

Фото: baq.kz
09 қаңтар 2024 ж. 173 0