Экологиялық туризмді дамыту

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының аумағында экологиялық туризмді жүргізуге мүмкіндік бар, ол көптеген ғылыми зерттеу мәселелерін шешуге көмектеседі, сондай-ақ экологиялық туризмнің ғылыми және танымдық түрлерін дамытуға бағытталған. Қорықта 2 туристік-экскурсиялық маршрут бар – «Бутаков мүйісі» және «Құландар ізімен» маршруттары.
Бұл экологиялық маршруттарды дамыту арқылы қол жеткізетін нәтижелер: экологиялық туризмді дамыту арқылы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығына жақын орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және олардың арасында қорық режимін бұзбау туралы жақсы көзқарас қалыптастыру; мекеме мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру; қорықтың экологиялық туризмді дамытуға қажетті мәселесі-инфрақұрылымды жақсартуға қол жеткізу; Барсакелмес қорығы мен Арал өңірінің табиғаты мен экожүйелерін, тарихи-мәдени ескерткіштерін отандық және алыс-жақын шетелдік туристерге кең көлемде танымал ету; жастар мен жасөспірімдерді табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу арқылы тұрғындардың экологиялық білімдерін жетілдіру; елді мекендерде қонақ үйлер (гостевые дома), ұлттық нақыштағы кәдесыйлар жасау шарушылығын жандандыру.
Осы орайда, «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Өңіріміздің туристік потенциалы» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шарада жас жеткіншектеріміздің ой – пікірлері тыңдалып, қазіргі таңда әр азамат осы саланы дамытуда қандай үлес қоса алатындықтары туралы ой түртті.
Қорыта келе алдағы уақытта Арал өңірінің жандануын, сонымен қатар тек қана бүкіл Қазақстанға емес, барша елге танылатындай ету жолында біз – жастар тынбай еңбек жасап, түрлі жобаларды қолға алып, жүзеге асыруымыз керек.
А.Кушекбаева
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы