Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Барсакелмес қорығындағы Үйлестіру кеңесі

Барсакелмес қорығындағы Үйлестіру кеңесі

Жуырда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы жанынан құрылған Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс оффлайн және онлайн форматтарында өтті. Себебі, Барсакелмес қорығы Қызылорда облысындағы бірден-бір қорық болғандықтан, кеңес құрамы облыс көлеміндегі қызығушы тараптардан құралған. Үйлестіру кеңесінің мүшелері биылғы жылғы мекеменің туристік көрсеткіштері мен келер жылға туризмді дамыту саласындағы атқарылатын жұмыстарды талқылады.
Үйлестіру кеңесі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреацияны дамыту, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерін басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қабылданатын шешімдердің ашыктығын қамтамасыз ету мақсатында табиғат қорғау мекемелері жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган.
Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаттары: ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде табиғат қорғау мекемелері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және табиғат қорғау мекемелерін басқару тиімділігін арттыру болып табылады.
Үйлестіру кеңесі ЕҚТА-да туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша халықпен өзара іс-қимыл жүргізу және осы салада табиғат қорғау мекемелері қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау функцияларын жүзеге асырады.
Айта кетейік, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында екі туристік «Бутаков мүйісі» және  «Құландар ізімен» маршруттары бар. Маршруттардың туристік-экскурсиялық маңызы бар. Жүру сипатына қарай автомобилді және жаяу жүріске арналған болып келеді.
А. Есенова
Барсакелмес мемлекеттік
 табиғи қорығының
инженер-экологы
03 желтоқсан 2023 ж. 154 0