Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

ҚР Әділет министрлігі елде белең алған алаяқтықтың жаңа тәсіліне байланысты Қазақстан азаматтарына ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстырып жүрген алаяқтар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттау, жүргізуші куәлігін тоқтата тұру және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешек өтеуді талап ете бастады», деді Әділет министрлігінің өкілдері.

Мұндай қоңыраулар келіп түскен жағдайда атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (https://aisoip.adilet.gov.kz/) немесе АИС ОИП мобильді қосымшасы арқылы атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқтығына көз жеткізу қажеттігі ескертіледі.

«Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді», делінген хабарламада.

Фото: egemen.kz
29 қаңтар 2024 ж. 178 0