31 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
31 қаңтар, сәрсенбіде елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райының тұрақсыз сипатқа ие болуына атмосфералық фронттар әсер етіп отыр.
Сондай-ақ жауын-шашын жауады.
Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
ҚР бойынша тұман, көктайғақ, боран, сондай-ақ жел күшейеді.
Фото: ашық дереккөз