Қазгидромет: 29 қаңтарда ауа райы тұрақсыз болады

Синоптиктердің болжамына сәйкес, күн райының тұрақсыздығына атмосфералық фронттар әсер етеді.
Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді.
Фото: ашық дереккөз