Демалыс күндері күн райы қалай болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Демалыс күндері Қазақстандағы синоптикалық жағдай орталығы Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклонмен анықталатын болады.
Еліміздің басым бөлігінде бұлтты және әр түрлі фазадағы жауын-шашын, бұрқасын, екпінді желмен және көктайғақ болады.
Әзірге тек оңтүстік аймақтар антициклонның ықпалында болады, онымен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады. Атлантикалық циклон сонымен қатар республиканың барлық аумағында температураның біртіндеп жоғарылауына себеп болады.
Фото: ашық дереккөз










