Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақиқатқа айналған арман

Ақиқатқа айналған арман

Ильяс Юсуф жас жазушы, жасына қарамастан, әдебиет саласына үлкен үлес қосып келеді. Тіпті Республика бойынша 3 жаңа рекорд қойды. Оның «Ночная Симфония», «Жизнь моими глазами», «Тень ангела», «Я вчера... сегодня...завтра» сынды туындылары ешкімді бей-жай қалдырмауда. Ильяс әрдайым ізденісте жүріп, оқырмандарын қуантудан шаршамайды. Кітаптары шынайы сезімге, күнделікті өмір қызығына толы. Сіздерді жас қаламгермен таныстыру мақсатында Ильяс Юсуфтан сұхбат алып, әңгімеге тарттым.
– Жазушы ретіндендегі мансабыңызды неше жастан бастадыңыз? Алғаш кітабыңыз қандай?
– Мен он жеті жасымда жаза бастадым және алғашқы кітабымды он сегіз жасымда шығардым. Осылайша, Қазақстанның ең жас жазушысы, ең жас ақыны және ең жас авторы ретінде үш рекорд тіркедім. Шығармалар шын өмірден алынған оқиғаларға негізделген. Мен бала кезімнен жазғанды ұнататынмын. Қағаз арқылы сөйлесу менің алғаш тілім болды. Балалық шағымда менде достар мүлдем болмады. Сондықтан қағаз әрқашан да маған қоғамды алмастырды. Мені тыңдаудан жалықпайтын құлақ болды. Мен оған әрқашан ойларымды жазатынмын, олар философиялық сипатта болды. Осы жазбалардың арқасында менің көзіммен өмір сипаты туралы алғашқы кітабым шықты. Ол мені жетістікке әкелді. Ол психология, философиялық рефлексия элементтері бар мотивация жанрын қамтыды.
– Кітап жазуға не түрткі болды?
– Мені өмірімнің әр сәті шабыттандырады. Бұл қиындықтар, бақыт сәттері, мүмкін адамдар, мүмкін басқалармен қарым-қатынасым, суреттер, көздің көркемдік бояулары, әлеуметтік немесе жеке мәселе болуы мүмкін. Осы сәттердің жиынтығы менің сюжеттерімді құрайды. Сондықтан бүгін мен өзімді автор, психолог ретінде емес, драматург ретінде сезінемін. Көркем романтика менің миссиям десем де болады. Сондықтан мені көркем суреттер қызықтырады, шабыттандырады.
– Кітап шығаруда қиындықтар болды ма?
– Әрине, кітап шығару кезінде көптеген мәселелер болды. Әсіресе, мен бірінші кітабымды шығарған кезде көпшілік: «он жеті жасар жігіт кітап шығара ала ма?» деп мені байыпты қабылдамады. Редакторлар, баспагерлер менен теріс бұрылды.
Екіншіден, кітаптарды шығару өте қымбатқа соқты. Шығындар миллионнан асты. Үшіншіден, «мен кітаптарды шығарғанның өзінде, кім маған оқырман тауып береді, алға жылжуға кім көмектеседі?» деген жауабы жоқ сұрақтар болды. Осыған қарамастан менің арманым күштірек болған секілді. Мен мұның бәрін басымнан өткіздім. Әрине, көп рет бас тартқым келді, көз жасыма ерік берген кездер де болды. Бірақ барлық қиындықтар мен кедергілер артта қалды. Бүгін мен өз арманымда өмір сүріп жатырмын және жұмысымның нәтижесін көрудемін.
– «100 отандық комикс» жобасы туралы айтып берсеңіз...
– «100 отандық комикс» жобасы Қазақстан тарихын толығымен қамтитын болады. Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібектен бастап, оның әрбір ұрпағына дейін жеке комикс шығарылады. Жалпы комикстің мақсаты – жергілікті суретшілерді, дизайнерлерді дамыту. Америкада, Еуропада дизайнерлер дамып жатыр. Оларда «MARVEL» секілді үлкен компаниялар бар. Мен Қазақстанда да отандық өнім шығатынын дәлелдегім келеді.
Жастар осы комикстің шығарылуымен жұмыс жасайды. Біз топтар құрып, жазушыларды, журналистерді қалыптастырамыз. Мұнда жастар республикалық мекемелермен жұмыс жасайды.
Бір жағынан, психология тұсынан көркемдік форматта тарихты есте сақтау оңайырақ. Мәселен, «Колобок» және «Репка» ертегісі есімізде. Себебі ол бізге көркем форматта айтылады. Ал Қазақстан тарихының хронологиясы есімізде жоқ. Себебі бұл қызық емес, мектепте бізді хроналогияны жаттауға мәжбүр етеді, уақыт өте келе біз оны ұмытып кетеміз. Ал «Репка» мен «Колобоктың» әрбір өлеңі әлі күнге дейін ойымызда.
–«Жазушы еңбегі, түптеп келгенде санмен емес, сапамен өлшенеді» деген тұжырыммен келісесіз бе?
– Бұл туралы айту өте қиын. Кітаптарды сериясымен шығара алатын адамдар бар және оның барлық жұмысы тез таралуы мүмкін, ал біреулер кітаппен бүкіл атын қорғай алады. Кез келген жазушының ең маңызды мақсаты – күрделі сезімдерді қарапайым сөздермен жеткізу. Сондықтан бұл мен ұстанатын жалғыз қағида. Жазушы әрқашан өзіне деген махаббатпен жазуы керек, бірақ қоғамға да пайда әкелуі міндетті. Ол өз кітаптарының шынайы мақсаттарын көруі керек. Бірақ ең бастысы жұмысыңның ләззатын сезіну.
– Әсерлі сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан: М.Шәкрат
27 ақпан 2024 ж. 243 0