Аттестация - педагогтың үздіксіз дамуына негізделген

Жаңа ереже педагогтердің үздіксіз дамуына негізделген.
Ең алдымен, ПББ кезеңінен «педагог – шебер» біліктілік санатын растайтын және қолданыстағы санатын растайтын еңбек өтілі 30 жылдан асқан педагогтер босатылады.
Ескі жүйедегі (екінші, бірінші, жоғарғы санаттағы) педагогтерге жаңа форматқа ауысу жағдайы да назардан тыс қалмаған, енді олар кез - келген біліктілік санатына арыз бере алады, егер оң нәтиже берсе, сол санатқа өтеді. Педагог ПББ кезінде ережені бұзғаны үшін алдыңғы ережелерде 5 жыл қайта аттестаттау өтуге тыйым салынса, жаңа ереже талабында алғашқы реттік мүмкіндіктер ескерілген.
Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби біліктілігі шәкіртінің білім сапасы арқылы талданатын болса, сабақты оқыту әдістемесін меңгерудің негізгі көрсеткіші ретінде бағалау өте тиімді. Ал "Ұстаз" электронды платформа өз кезегінде әділдік пен адалдықты сақтауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Аттестацияға дайындық мұғалімдерді өз қызметін сараптауға, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері бойынша ізденуге, инновациялық технологияларды игеруге ынталандырады.Сондықтан да жаңа ережелердегі барлық мүмкіндіктер педагогтың кәсіби өсуінің негізі болмақ.
Айбек Құрманалиев