Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 5 жыл жұмыс өтілі бар ұстаздарға біліктілік санаты атестаттаусыз-ақ беріледі

Қазақстанда 5 жыл жұмыс өтілі бар ұстаздарға біліктілік санаты атестаттаусыз-ақ беріледі

Қазақстанда өндірістен тартылған ұстаздарға ерекше қолдау көрсетілмек. Министрлік 5 жыл жұмыс өтілі бар педагогтердің жалақысын 30 пайызға көбейтпекші деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Колледж ұстаздарына жасалатын қолдау жайлы оқу-ағарту министрлі хабарлады. Онда белгілі бір талаптарға сай өндірістен тартылған ұстаздардың жалақысы артып, аттестаттау алынып тасталмақ.
Яғни биылдан бастап кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар өндірістен тартылған педагогтерге аттестаттаудан өтпей "педагог – модератор"  біліктілік санаты беріліп, жалақысының 30 пайызы мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Ал еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтер жалақыға 35 пайыз үстемеақы және сарапшы санатын алмақ. 
"Барлық қажетті кәсіби технологияларды меңгерген білікті маман даярлауда негізгі орын оқу шеберлері мен колледждің арнайы пән педагогтеріне тиесілі. Өйткені олар студенттерге білім беріп қана қоймай, дағды қалыптастыру үшін өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өндірістегі білгенін үйретеді. Сондықтан өндірістен тартылған педагогтер үшін осы шаралар қарастырылған. Колледждерде алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен және кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар мамандар тестілеуден өтпей-ақ "педагог" біліктілік санатын ала алады. Сонымен қатар өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден босатылады, тек қызмет нәтижелерінің жалпы кешенді тексеруінен өтеді. Бұл өзгерістер колледж педагогтерін ынталандыратын болады және кадр даярлау сапасын арттырады",– дейді департамент директоры Ернат Жүнісов.
Сонымен қатар министрлік мәліметінше, елімізде зейнеткерлік жасына 4 жыл қалған педагогтар,  30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар ұстаздар бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде тестілеуден босатылатын болады.
06 сәуір 2023 ж. 385 0